Еңбек демалысына да шыға алмайды: Бір түн ішінде екі баланы құтқарған ақтаулық дәрігер туралы досы айтып берді

Маңғыстау облысындағы "жалғыз" балалар дәрігері нейрохирург Ербол Кенжевалов он бір сағат бойы кезекпен екі қыздың өмірі үшін күресіп, сақтап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы дәрігердің досы Азамат Сәрсенбаев айтып берді.

"Кез келген уақытта қалаған тақырыпта әңгіме өрбіте алатын жақын достарымның бірі, сонымен қатар Маңғыстау облысындағы "жалғыз" балалар дәрігері нейрохирург Ербол Кенжевалов кеше толық 11 сағат ішінде кезекпен екі қыздың өмірін сақтап қалды", - дейді Азамат Сәрсенбаев.

Оның сөзінше, 3 наурыз күні сағат 17:20-да Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл түрде 2013 жылы туған қыз жеткізілген, диагнозы - "сол жақ сүйегінің жаншылған фрагменттік сынығы, бас миының ауыр дәрежедегі соққысы", ол жол апаты салдарынан жарақат алған. 

Бір сағат ішінде балалар ауруханасының дәрігерлері науқасты шұғыл операция жасауға дайындай бастаған.

"Содан кейін бірден нейрохируг дәрігер "II дәрежелі кома, ауыр дәрежедегі геморрагиялық анемия" диагнозымен сағат 12:40 келіп түскен, инсульт алған үш айлық нәрестенің басына екінші ота жасауға кірісті. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының реаниматологтары мен нейрохирургінің бірлескен және үйлесімді жұмысының арқасында екі операция сәтті өткізілді", - дейді нейрохирургтің досы.

Азамат Сәрсенбаевқа Ербол Кенжевалов екі отаны шамамен бір мезгілде алғаш рет өткізгенін және қатты шаршағанын айтқан.

"Бірақ бұл жағдайдың кері жағы да бар. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы болған кезімде Ербол маған жұмысының өте қиын екенін айтты, облыстағы жалғыз балалар нейрохирургіне түсетін жүктеме өте зор, тыныш демалмауға,  тыныш еңбек демалысына шыға алмайды, тіпті өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндігі жоқ және ауысымда жұмыс істейтін одан басқа барлық дәрігерлер баратын форумдар мен тренингтерде өз біліктілігін арттыра алмайды... Бұған бірнәрсе қолдану керек. Бір күні шаршағандықтан бір қателік жіберуінен Құдай сақтасын!" , - деді Азамат Сәрсенбаев.

Ербол Кенжевалов Маңғыстау облысындағы жалғыз нейрохирург, ол 150 мың адамның өміріне жауап береді. Оның операциялық үстеліне ең ауыр жарақат алған, өмірі қыл үстінде тұрған балалар түседі. Дәрігер өлімнен көптеген баланы аман алып қалған.

Ербол Кенжевалов аптасына бес күн жұмыс істейді, ал егер демалыс күндері кенеттен көмек қажет болса, оны жұмыс орнына шақырады. Сонымен қатар, сенбі күні түстен кейін, заңды демалыс күнінде ол палатаға келіп, науқастарын қарап, жарақаттарын таңады.

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін 26 мың теңге айыппұл салынды

Ресей Федерациясынан келген азамат үй карантинін бұзған

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған

Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 685 адам болды

Жаңадан ауру жұқтырған 15 адам тіркелді

Коронавирус жұқтырған ресейлік студент Қазақстанға өтіп кеткен

Бойжеткеннің коронавирус жұқтырғаны 4 сәуір күні белгілі болыпты

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері көшеде маска кию керектігі жайлы айтты

Айзат Молдағасимова көшеде бетперде кию керектігі жайлы айтты

Алматы облысында марқұмдардың мазасын алған ұры қолға түсті

Зират ұрысы көрші ауылдың тұрғыны болып шыққан

Солтүстік Қазақстан облысында өзендердегі судың көтерілуі бір аптаға ерте басталды

Cиноптиктер кіші өзендерде су деңгейінің көтерілуінің ерте басталуын атап өтті

Делиден Таразға келген жолаушы коронавирус жұқтырып алған

Жамбыл обдлысында коронавирус жұқтырғандар жайлы деректер жарияланды

Ақтөбелік ауыл тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін қамауға алынды

Ер адам коронавирус індетін жұқтырған адам өткізу пунктінен өткендігі туралы жалған мәлімет таратқан

"Сенсіз 90 күнім өтті": Марқұм ұлын еске алған Ердос Қанаев елді жылатты

Қайрат Әбілгерей: Алланың берген басыңа сынағын абыроймен көтердің
Çàãðóçêà...