Ең қымбат нан Атырау облысында
Атырау облысы,Мақат ауданында бір бөлке нан 90 теңгеден сатылуда.
Аудандағы 30 мың тұрғынды төрт наубайхана нанмен қамтамасыз етіп отыр, деп хабарлайды КТК.
-Атыраудан да бағасы 60 теңгеде сатылуға нандар келеді. Доссор кентінде 3 наубайхана бар. Олардың сату бағасы 50 теңгеден. Енді ана жақта сатып алып отырған дүкендер өздері үстіне қосып, сатып отыр, – дейді аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішев.
Мақаттағы халықтың бір бөлігі теміржолда жұмыс істейді. Ал, базар-вокзал жағалап күн көріп отырған жұмыссыздар үшін мұның қалтаға соғатыны анық. Жергілікті наубайханашылар бұны доллардың қымбаттауымен байланыстырыпты. Алайда облыс орталығы –Атырау қаласынданан бағасы 45-50 теңге. Мақат басшылығы алдағы уақытта нан бағасын аз да болса түсіру мақсатында жаңадан 3 наубайхана ашпақшы.
Талқылау