"Ең қызық жол апаты": Желіде екі көліктің бір-біріне соқтықпас үшін өз-өздерінен аударылған видеосы қызу талқыға түсті
Фото: Видео кадрларынан скрин
Қытайда бейнебақылау камераларына түсіп қалған қиылыста болған тосын жол апаты желіде тарап, қызу талқыланып жатыр. Мұнда фура мен моторлы кішкентай көлік қиылыста бір-біріне соқтықпас үшін дереу тежегішті басып, кейін өз-өздерінен аударылады. Желі жұртшылығы мұны “ең күнәсіз жол апаты” деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрларда моторлы көліктің жасыл бағдаршам жанғанда жанама көшеден негізгі жолға шыққаны көрінеді. Сол сәтте басты жолмен ауыр жүк көлігі келе жатқан. Видеодан байқалғандай, фура жүргізушісі бұрыштан шыққан көлік құралын байқамай қалған.
Қақтығысты болдырмау үшін екі жүргізуші де шұғыл әрекетке көшті. Фура кенеттен тежегішті басқан кезде кабина мен жартылай тіркеме инерциямен алға қарай қозғалып кетеді. Ал моторлы көлік оңға қарай күрт бұрылып, тепе-теңдігін жоғалтып, аударылып қалады.
Сол сәт аса қауіпті болғанына қарамастан, тікелей соқтығыс болмады. Бұл жағдай желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Кейбірі жүргізушілердің шеберлігіне таңғалса, енді біреулері мұны "ең қызық жол апаты" деп қалжыңдады.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
