Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең қауіпті тағам түрі анықталды

Холестеринге бай жануардан алынатын өнімдер қатерлі ісіктің дамуын арттырып, олардың өсу қарқынын жоғарылатады. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ғалымдары анықтап, осыған байланысты Cell Stem Cell басылымында мақала жариялаған, деп жазады Stan.kz.

Зерттеу жүргізу үшін, ғалымдар генетикалық түрлендірілген тышқанды қолданған. Онда тышқандардың Lpcat3 ферментін кодтайтын гендері өзгертілген.

Жасушалардың мембранасынан тұратын бұл ақуыз фосфолипидтердің синтезін бақылайды. Оны тоқтататын болса, холестерин деңгейі арта түседі.

Холестерин концентрациясының ұлғаюы ішек тіндеріндегі жасушалардың өсуін және бөлінуін қамтамасыз етеді.

Ағзада кемістігі бар жасушалардың көбеюінен қатерлі ісік пайда болады. Холестерин тек қана тоқ ішек жасушаларының жуандауына ғана емес, сондай-ақ сол тіндегі ісіктердің жылдам өсуіне алып келеді. Дегенмен, холестерин  қатерлі ісіктің басқа да түрлерін дамыта ала ма, ол әлі белгісіз.

Айта кетейік, аса майлы және көміртекке бай тағамдар ағзадағы холестерин мөлшерін арттырады. Әртүрлі аурулардың алдын алу үшін сарапшылар қызыл ет пен сүт өнімдерін тұтынуды азайтуға кеңес береді.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте 1 жасар бүлдіршіннің құлағы бетіне біткен

Баланың ыстығын пиязбен де түсіруге болады

Қарағанды облысындағы мектепте сарыауру үйден әкелінген сусыннан тараған

Шетелдік ғалымдар қазақстандықтардың шашынан бағалы металдар тапты

Талқылау