Ең ірі бокс кеші: Головкин мен Мурата жекпе-жегінің қаламақысы белгілі болды
IBF чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері Риота Мурата арасындағы орта салмақтағы жекпе-жегінің бюджеті белгілі болды.
Шайқас бюджеті 130 миллион доллардан асады. Осылайша, бұл күншығыс елінің тарихындағы ең ірі бокс кеші болмақ.
Еске салайық, Головкин - Мурата жекпе-жегі Жапонияда 29 желтоқсанға жоспарланған. Шндығында жекпе-жекті өткізуге коронавирустың жаңа штамының пайда болуына байланысты қауіп төніп тұр.
Айта кетейік, Геннадий өткен жылдың желтоқсан айынан бері рингке шықпаса, Риота 2019 жылдан бері бокспен айналыспайды.
Бұған дейін Головкин нақты ұсыныс болмайынша, салмақ дәрежемді ауыстырғысы келмейтінін айтты.
Сондай-ақ, Геннадий Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек әлі де мүмкін екенін айтты.
"Бұл жекпе-жек болуы мүмкін. Теориялық тұрғыдан ештеңе өзгерген жоқ. Жауапсыз қалған белгілі бір сұрақтар бар", - деп қосты қазақстандық боксшы.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн