Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Күніңізді хош иісті кофе мен тәтті кекстен бастағанға не жетсін? Оған қоса, дәмі тіл үйіріп, ерекше рахатқа бөлейтін кекстердің рецепті де аз емес.

Stan.kz ұжымы әр атқан таңыңыз бен қызарып батқан күніңізді қуанышқа толтырмақ ниетте ең дәмді кекстер рецептін ұсынады.

Шоколадты салмасы бар кокос кексі

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
• кокос жаңқасы — 100 г
• сары май — 150 г
• сүт — 200 мл
• бидай ұны — 350 г
• қопсытқыш — 2 шай қасық
• қант — 100 г
• ащы шоколад — 150 г
• жұмыртқа — 2 дана
• әсемдік үшін бадам қауызы

Дайындалуы:
1. Қамырды дайындау үшін жұмыртқа мен қантты араластырып аламыз.
2. Оны әбден ағарғанша шайқап, артынша жұмсарған сары май мен сүт қосамыз.
3. Үстіне кокос жаңқасын салып, араластырамыз. Енді ұн мен қопсытқышты қосуға болады.
4. Маффиндерге арналған қалыпқа кекс пісіруге арналған қағаз қалыпты төсеп, әрқайсысына 1 ас қасық қамыр, оның үстіне шоколад тілімін саламыз.
5. Шоколадты тағы бір ас қасық қамырмен жабамыз. Қызып тұрған пешке салып, 200 ºC-та 20 минут пісіреміз.
6. Маффиндерді бадам қауызымен безендіреміз.

«Тирамису» кекстері

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
Қамырына:
• ұн — 1 ½ стақан
• сары май — 100 г
• қант — 160 г
• жұмыртқа — 2 дана
• тұз — бір шымшым
• қопсытқыш — 1 ½ шай қасық
• сүт — 200 мл
• ванилин — 2 г
Креміне:
• маскарпоне — 250 г
• кілегей 33-35% — 150 г
• қант ұнтағы — 5 ас қасық
• ванилин — 2 г
• какао — 2 ст. л.
Қоспасына:
• қайнатылған кофе
• ром — 2 ас қасық

Жылдам жасалатын салаттар: ең үздік рецепттер >>>

Дайындалуы:
1. Сары май, қант, тұз бен ванильді араластырып, шайқаймыз. Біртіндеп жұмыртқа қосамыз. Артынан сүт, ұн, қопсытқышты қосып, араластырамыз. Барлығын жақсылап шайқаймыз.
2. Қамырды арнайы қағаз қалыптарға салып, қызып тұрған пешке қоямыз. 180 ºC-та 25 минут шамасында пісіреміз. Дайын болғанын сіріңке шиін тығып тексеріп көруіңізге болады.
3. Кекс пісіріліп жатқанда, коые қайнатып, суытып қоямыз. Кекс піскен сәтте оларды пештен алмай, әрқайсысын 10-12 жерден тесеміз.
4. Кеске шай қасығымен кофе құямыз.
5. Ендігі кекстің әбден суығанын күтеміз.
6. Крем дайындауға кірісеміз. Ол үшін маскарпонені шайқаймыз. Кілегей мен қант ұнтағын, ванилинді араластырып, жеке шайқап аламыз.
7. Маскарпоне мен кілегейді мұқият араластырамыз. Кондитерлік қаптың көмегімен кремді кекстерге салып шығамыз. Үстінен какао себеміз.

«Қызыл барқыт» кекстері

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
• қант — 150 г
• бидай ұны — 150 г
• сүт — 100 мл
• сары май — 100 г
• жұмыртқа — 1 дана
• какао — 2 ас қасық
• тағамға арналған қызыл бояуыш — 1 ас қасық
• сірке су — 1 ас қасық
• қопсытқыш — 1 шай қасық
• ванилин не ванильді қант
• тұз — бір шымшым
• әсемдік үшін қант ұнтағы

Дайындалуы:
1. Май мен жұмыртқаны алдын-ала тоңазытқыштан шығарып қою керек.
2. Жұмсарған майды қантпен, ванилинмен араластырамыз. Қоспа әбден ағарып, жеңіл болғанша шайқаймыз.
3. Артынша майға жұмыртқаны араластырып, төменгі жылдамдықта шайқаймыз. Нәтижесінде крем тәрізді қамыр негізі шығуы тиіс.
4. Бөлек ыдыста сүт, сірке су, тағамға арналған бояғышты араластырамыз. Ұн, какао, қопсытқаш, тұзды қосып, араластырып аламыз.
5. Май-жұмыртқалы қоспаға ұн қоспасының үштен бір бөлігін қосып, мұқият араластырамыз. Мұнан кейін бояғыш қосылған сүттің үштен бір бөлігін құйып, әбден сіңгенше араластырамыз.
6. Осы тәртіппен ұн мен сүтті біткенше қосамыз. Қамыр дайын болғанда, миксерді төменгі жылдамдыққа қойып, шайқаймыз.
7. Кекске арналған қалыптарға жартысына жетерлік мөлшерде қамыр саламыз.
8. Кестерді 170 ºC-та 20-25 минут пісіреміз.
9. Дайын болған кекстерді қалыптан алып, қант ұнтағын себеміз. Суығанна кейін тағы бір мәрте қант ұнтағын сеуіп қоюға болады.

Нутелла және жаңғақ қосылған кекстер

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
• сары май — 50 г
• жаңғақ (талғамыңызға қарай) — 100 г
• ұн — 300 г
• қопсытқыш — 1 шай қасық
• какао — 50 г
• қант — 100 г
• нутелла — 200 г
• жұмыртқа — 1 дана
• қаймақ— 150 г
• ванилин
• сүт – жарты стақан

Дайындалуы:
1. Қант, какао, тұз, үгілген жаңғақтар мен ұнды қосамыз.
2. Майды алдын-ала ерітіп, суытып қоямыз. Оған нутелла, жұмыртқа, қаймақ, ванилин, сүт қосып, жақсылап араластырып аламыз.
3. Құрғақ қоспаға дайын болған қоспамызды қосып, шайқаймыз. Кекс пісіруге арналған қалыптарға саламыз.
4. 180 ºC-та 20-25 минут пісіреміз. Дайын болуына 10 минут қалғанда жаңғақтармен безендіреміз.

Ірімшікті кремі бар қаражидек кекстері

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
Қамырына:
• ұн — 300 г
• қопсытқыш — 2 шай қасық
• тұз — 1/4 шай қасық
• бөлме температурасындағы сары май — 150 г
• қант — 200 г
• бөлме температурасындағы жұмыртқа — 3 дана
• ванили — 2 шай қасық
• өсімдік майы — 50 мл
• қаражидек — 2 стақан
• әсемдік үшін 1 стақан қаражидек
Креміне:
• филадельфия ірімшігі — 400 г
• сары май — 300 г
• қант ұнтағы — 250 г
• ванилин — 2 шай қасық

Дайындалуы:
1. Пешті 175 °C-қа дейін қыздырып аламыз. Маффиндерге арналған қалыптарға арнайы қағаз қалыптарды төсейміз.
2. Қаражидекті жуып, кептіріп қоямыз. Қамырға қосар алдында ұнда араластырып алу керек.
3. Ұн, крахмал, қопсытқаш, тұзды араластырамыз. Сары май мен қантты ағарғанша шайқаймыз.
4. Біртіндеп жұмыртқа қосып, қосқан сайын бірнеше минут шайқаймыз. Ванилин қосамыз.
5. Миксердің жылдамдығын төмендетіп, кезекпен ұн мен өсімдік майын қосамыз. Жақсылап шайқап аламыз.
6. Қамырға қаражидек салып, қалақшамен мұқият араластырамыз.
7. Қалыптарды қамырмен толтырып, 20-25 минут пісіреміз.
8. Дайын болған кекстерді пештен алып, 5 минутқа суытып қоямыз. Одан соң кекстерді қалыптан алып, әбден суығанын күтеміз.
9. Сары май мен ірімшік міндетті түрде бөлме температурасына сәйкес болуы тиіс.
10. Майды қант ұнтағымен бірге ағарғанша шайқаймыз. Ванилин қосып, араластырамыз.
11. Ірімшікті бөлек ыдыста 5 минут көлемінде шайқаймыз.
12. Шайқалған майды ірімшікке қосып, ағаш қалақшамен біркелік күйге келгенще араластырамыз.
13. Кекстерді креммен, қаражидекпен безендіреміз.

Кептірілген өрік қосылған марципанды кекстер

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
• ұн — 300 г
• жұмыртқа — 2 дана
• сары май — 100 г
• марципан — 85 г
• кептірілген өрік — 85 г
• қоңыр қант — 50 г
• сүт — 100 мл
• қопсытқыш — 10 г
• қант ұнтағы — 1 ас қасық
• теңіз тұзы — ½ шай қасық

Дайындалуы:
1. Пешті 190-200 °С-қа дейін қыздырып аламыз.
2. Кептірілген өрікті ұсақ текшелеп тураймыз.
3. Сары майды ерітеміз.
4. Ұн, тұз, қопсытқышты араластырамыз.
5. Марципанды ұсақ үккіште үгеміз.
6. Үгілген марципан, ұн, қант, кептірілген өрікті араластырамыз.
7. Жұмыртқаны аздап былғауышпен шайқап, сүт құямыз. Қоспаны шайқай отырып, еріген май қосамыз.
8. Марципан қосылған ұнға жұмыртқалы-сүтті қоспаны құйып, қамыр илейміз.
9. Маффиндерге арналған қалыпқа арнайы қағаз қалыптар төсеп, қамыр саламыз.
10. Маффиндерді қызып тұрған пеште 20 минут пісіреміз.
11. Әзір болған маффиндерге қант ұнтағын себеміз.

Шоколадты-апельсинді кекстер

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
• ұн — 250 г
• ащы шоколад — 150 г
• жұмыртқа — 3 дана
• қоңыр қант — 120 г
• сары май — 100 г
• қаймақ — 100 г
• апельсин цукаты — 2 уыс
• сүт — 175 мл
• кілегей — 50 мл
• какао — 40 г
• қопсытқыш — 1 ½ шай қасық
• теңіз тұзы — ½ шай қасық

Дайындалуы:
1. Пешті 200 ºС-қа дейін қыздырамыз.
2. Сары майды ерітеміз.
3. Ұнды қант, какао, қопсытқыш, тұзбен араластырамыз.
4. Ұнға апельсин цукатын қосып, барлығын араластырамыз.
5. 100 г шоколадты пышақпен ұсақ бөліктерге бөлеміз. Оны цукат қосылған ұнға салып, тағы да араластырып аламыз.
6. Жұмыртқа, қаймақ пен сүтті былғауышпен шайқап, үстіне еріген майды құямыз. Жақсылап бұлғаймыз.
7. Құрғақ қоспамызды қосып, ақырын араластырамыз.
8. Кекс пісіруге арналған қағаз қалыптарға қамырды саламыз.
9. Қызып тұрған пеште кекстерді 25 минут пісіреміз.
10. Қалған шоколадты ірі бөліктерге бөліп, кәстрөлге саламыз. Үстіне кілегей құйып, ерітеміз.
11. Дайын болған маффиндерге шоколадты глазурь құйып, қалған апельсин цукатымен безендіреміз.

Шие қосылған ірімшікті кекстер

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
• бидай ұны — 200 г
• қопсытқыш — 5 г
• тұз — ½ шай қасық
• қант — 80 г
• ірімшік — 150 г
• сүт — 150 мл
• жұмыртқа — 2 дана
• өсімдік майы — 60 мл
• шие — 150 г

Дайындалуы:
1. Ұнды елеуіштен өткізіп, қопсытқаш, тұз, қант қосамыз.
2. Ірімшікті езгілеп, сүт, жұмыртқа, май қосып, араластырамыз.
3. Сұйық және құрғақ қоспаны біріктіріп, жақсылап араластырып аламыз. Қамырға шие жемістерін саламыз.
4. Қамырды кекс пісіруге арналған қалыптарға саламыз.
5. Маффиндерді 200°С-та 30 минут көлемінде пісіреміз.

Ананас пен шие қосылған кекстер

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
Салмасына:
• консервіленген ананас — 1 құты
• коктейльді не консервіленген шие — 6 дана
• сары май — 50 г
• қант — 125 г
Қамырына:
• қант — 125 г
• жұмыртқа — 2 дана
• ұн — 125 г
• ананас шырыны — 4 ас қасық
• қопсытқыш — 1 ас қасық
• тұз — бір шымшым

Дайындалуы:
1. Сары майды сулы жылытқышта не микротолқынды пеште ерітеміз. Қантпен араластырып, қалыптарға саламыз.
2. Әр қалыпқа 1 ананас сақинасын салып, ортасына шие қоямыз.
3. Ыдыста жұмыртқа, ананас шырыны мен қантты араластырамыз. Оған ұн, қопсытқыш, тұз қосамыз.
4. Қамырды қалыптарға құйып шығамыз.
5. Пешті 180 °С-қа дейін қыздырып алып, кекстерді 20-25 минут бойы пісіреміз.

Асқабақ кексі

Кекс дайындау тәсілі: 10 үздік рецепт

Қажетті заттар:
Қамырына:
• асқабақ — 400 г
• қант — 250 г
• жұмыртқа — 4 дана
• бір шымшым тұз
• ұн — 300 г
• қопсытқыш — 2 шай қасық
• даршын — 1 шай қасық
• грек жаңғағы — бір уыс
• зәйтүн не өсімдік майы — 175 мл
Креміне:
• лимон қабығының үгіндісі
• лимон шырыны — 1 шай қасық
• қаймақ — 2 ас қасық
• қант ұнтағы

Дайындалуы:
1. Асқабақты тазалап, текшелеп тураймыз.
2. Блендерге салып, жақсылап еземіз. Үстіне қант, жұмыртқа салып, блендерде араластырамыз.
3. Дайын болған қоспаға тұз, ұн, қопсытқыш, даршын, грек жаңғағын қосамыз.
4. Оған зәйтүн майын құйып, блендерде қамыр илейміз.
5. Кекске арналған қалыптарды қамырмен жартылай толтырып, 180 °С-та қызыған пеште 20 минут пісіреміз
6. Кекстерді 10 минутқа суытып қойып, креммен безендіреміз.
7. Кремнің жасалуы: лимонның 1/3 бөлігін үккіштен өткіземіз. Лимон қабығының үгіндісіне лимон шырынын құйып, қаймақ, қант ұнтағын қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, кекстерді безендіреміз.

Талқылау