Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең ауыр ота сәтті өтті": Сегіз жылдан бері сәби күтіп жүрген Елдос "Колобок" жақсы жаңалығын айтты

Танымал блогер Елдос Кәдірханов ота жасап, сәбилі болуға қамданып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/eldos_kalabok/

Желі жұлдызы аурухана төсегінен сәлем жолдап, қолдау білдірген халыққа алғыс айтты. 

“Аллаға шүкір, ең қиын отадан, ең ауыр сәттен өттік! Қаншама жыл нәтижесіз емделу, қаншама жыл дәрігерден "өкінішке қарай" деген жауап естіп келдік. Алланың қалауымен, елдің батасымен, көпшіліктің тілеуімен арманымызға бір қадам жақындадық. Әрекет етуді тоқтатпаймыз. Тілеулес болыңыз! Бұл жеңіс емес, бірақ жеңіске аз қалды. Біз үшін бұл маңызды кезең болды. Алла қаласа, сүйінші сұрайтын күнге жетейік", – деп жазды блогер.



Еске салайық, желі жұлдызы досының баласын асырап алғысы келмегенін жасырмаған еді. 

“Досым келіп, маған үшінші баламызды сендерге берсек деген ниетін білдірді. Ол маған дүние емес, ұрпағын бергелі отыр. Содан мен отбасыммен ақылдастым. Әулеттің үлкендері маған "не баланы, не досыңды таңда" деді. Яғни, баланы алсаң, досыңнан алшақтауың керек деді. Өйткені сол бала арқылы ертең араларыңда түсініспеушілік пайда болатынын ескертті. Сонымен ойлана келе мен досымның ұсынысынан бас тарттым”, – деген еді Елдос. 

 

Талқылау