AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең адал әкім" Сапар Барлыбаев басқарып отырған қаласындағы мәселелерді бір сөйлеммен айтып берді

Stan.kz тілшісі осы жазда танымалдылыққа ие болған Ерейментау қаласының әкімімен сұхбаттаспақ болған еді. Алайда қала басшысы жеке әңгімелесуден бас тартып, сұрақтардың жауабын жазып жіберді. 

Барлыбаев

Сурет: Facebook желісінен

Еске салсақ, бұған дейін Сапар Барлыбаев “Хабар 24” телеарнасындағы “Әкімдер” бағдарламасында сөзге жаңылысқан болатын

“Егер барлықтарыңыз дұрыс таңдау жасап, маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсы жаққа өзгертуге тырысамын”, – деді ол. 

Желіде әкімнің бұл айтқаны түсірілген видео жылдам тарап, Барлыбаев “әкім болуға ең адал үміткер” деген атаққа ие болды. 

Бұл кезде Ерейментау қаласында шенеунікті жақтағандар да табылды. 

“Сапар Ибрагимұлы техникалық сауатты қызметкер, жоғары білімі бар. Мемлекеттік мекемеде, басшы ретінде қызмет атқарған. “Аудандық мәдениет үйінің” директоры болған тұсында ол ғимарат пен оның аумағын көркейту және жөндеу жұмыстарына қатысты сұрақтардың барлығын қарап шықты. Жол мәселесі жайында да хабардар, өзінің сайлау алды кампаниясында Ерейментаудағы осы жағдайды шешу керек деген бастаманы көтерді. Сонымен қатар Сапар Ибрагимұлы басқа да мәселелерге тоқталды, атап айтсақ, жарықтың болмауы, сумен қамтамасыз ету”, – деп жазады Гүлмира Тілеубаева есімді желі қолданушысы. 

Біз Сапар Барлыбаев неліктен әкім болуға бел буғанын анықтамақ болдық. Туған қаласы үшін жаны ауырды ма әлде басқа нәрсе себеп болды ма, біз бұл сұрақтарды тікелей шенеуніктің өзінен сұраған болатынбыз. Назарларыңызға қала басшысының жауаптарын ұсынамыз.

– Не себепті әкім болуды ұйғардыңыз? 

– Әкім болу туралы шешім мені "Nur Otan"партиясынан депутаттыққа кандидат ретінде ұсынған праймериз кезеңінде келді. Партияластарым маған үлкен сенім білдірді, елдің бірліктің  арқасында ең көп дауыс жинадым, және көптеген мәселелерді шешу кезінде депутаттық қызметте халықтың қолдауын сезіндім.

– Әкім атанғаннан кейін жұмысыңызды неден бастадыңыз? 

– Бірінші күннен бастап абаттандыру бойынша ағымдағы мәселелермен, азаматтардың өтініштерімен т.б., сонымен қатар өзімнің сайлауалды бағдарламамды, сондай-ақ "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!" жұмыстарын  жүргіздім.

– Қазіргі күні қалада қандай мәселелер көкейкесті болып тұр? 

Негізгі проблемалар барлық аймақтарда сияқты, жылыту, сумен жабдықтау және жолдар. Ағымдағы айда қалалық қазандықты қайта құру аяқталады, жаңа ұңғымаға ЖСҚ әзірлейміз, жолдарды жөндеу құжаттамасы дайындалуда.

– Бұл мәселелерді қашан және қалай шешпексіз? 

– Биыл қала шетіндегі бірқатар көшелерді жарықтандыру құрылысы жүргізілуде. Келесі жылы шағын аудандардағы жолдарды жөндеу жоспарлануда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр