"Ем казы и баурсаки, потому что мы казахи" деп әндеткен бүлдіршін Қазақстанды ғана емес, өзге елдерді де дүр сілкіндірді

Желіде “Ем казы и баурсаки, потому что мы казахи” деп әндетіп танылған бүлдіршіннің әнін шетелдік желі қолданушылары да қайталап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 жастағы Халидтің сүйкімді видеосы екі миллионнан астам қаралым жинады, 192 мың адам ұнатты. Кадрларда Халид алжапқыш тағып алып, котлет қуырып тұрады. Сондай-ақ “Ем казы и баурсаки, потому что мы казахи” деп әндетеді.
Бейнероликті оның әкесі түсіріп, ешқандай арнайы мақсатсыз – жай ғана отбасылық видео ретінде жариялаған. Алайда желі қолданушылары баланың шынайылығы мен табиғилығына тәнті болып, жазба қысқа уақыт ішінде кеңінен тараq бастады.
Енді баланың әніне ТМД елдерінің блогерлері де видео түсіре бастады. Олардың топтамасын жинадық.
“Мен орыспын, бірақ бұл трендке мен де қосылғым келеді. Ту, ту, ту қазақтар”, “Біз Санкт-Петербургтенбіз, отбасымызбен басқа қалаға кетіп бара жатырмыз және көлікте мына әнді бар дауына тыңдап келе жатырмыз”, “Мен қазақтарды және олардың әнін жақсы көремін”, “Бәріміз қазақ болып кеттік қой”, “Бала өте сүйкімді, қылықтары тәтті”, – деп жазды олар.
Ал баланың анасы жарнамаға қатысты нақты шектеулер енгізді.
“Енді қыз-келіншектермен түсірілім болмайды, түрлі хайпқа арналған видеолар да түсірілмейді”, – деп мәлімдеген.
Отбасы алдағы уақытта тек халал мекемелермен жұмыс істеп, пайдалы өнімдерді ғана насихаттауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін желіде ұстазын шанамен үйіне дейін жеткізген оқушылардың видеосы тарағаны хабарланған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған