Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эльжана Таниева Румыниядағы турнирде үздік ондыққа енді

Көркем гимнастикадан Париж олимпиадасының жолдама иегері Эльжана Таниева Румыниядағы турнирде 6-орынға табан тіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Эльжана Таниева олимпиада қарсаңындағы соңғы ірі турниріне қатысып, үздік ондыққа енді. Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан өткен әлем кубогінде Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша 9-орынға табан тіреді. Ал шығыршықпен жаттығуда финалға шығып, 33.4 ұпаймен алтыншы орыннан көрінді. Олимпиада қарсаңындағы ең соңғы жарысқа Париж ойындарына жолдама алған барлық гимнаст қатысты.

Айта кетейік,  Эльжана Таниева – Париж олимпиадасында көркем гимнастикадан өнер көрсететін жалғыз спортшы. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған еді.   

Даурен Түлкібай
Дүйсенбі, 15 Шілде, 2024 10:56
Талқылау