Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елжан Біртановтың ісі: Экс-министр сот отырысында жеке және қызметтік жазбаларды оқып берді

Астанада Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экс-министр мен оның бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында қаралып жатыр.

Сот отырысы барысында Елжан Біртанов кезінде орынбасары болған Олжас Әбішевпен арадағы бірқатар жеке және қызметтік жазбаны оқып берді.

Оның айтуынша, аталған жазбалар ақпараттандыру платформасын енгізуге қатысты объективті проблемаларға қарамастан, жұмыстың тыңғылықты жүргенін дәлелдейді.

"Ешқандай жұмыс жүрмесе, біз бекерге пиар жасамас едік. Барлық хабарлама мен баяндамаларда платформаны енгізу жұмысының аяқталуға жақын екендігі және оның 2018 жылдың 7 желтоқсанында қабылданатыны туралы айтылады", - деді Елжан Біртанов сот алдында.

Сондай-ақ, экс-министр оған тағылған айыптауларды растайтын фактілердің жоқтығын айтты.

23 маусымда прокурор Елжан Біртановқа тағылған айыпты жариялады. Ол "Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесу платформасын" медициналық мекемелердің қызметін автоматтандыруға және оларды басқаруға арналған ақпараттық жүйені әзірлеу кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Платформа азаматтарды медициналық мекемелерге бекіту, дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу, сондай-ақ тұрғындарға медициналық анықтамалар беру қызметтерін автоматтандыруды қамтамасыз ете алар еді.

Сондай-ақ Елжан Біртанов 2020 жылдың маусымында санитарлық авиацияны пайдалану кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған.

Еске салсақ, Біртанов  2021 жылдың 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Кейін Елжан Біртановтың қамауға алынғаны белгілі болған еді.

Талқылау