Елордада үш жасөспірім ер азаматты ұрып кетті
Елордада үш жасөспірім көшеде кетіп бара жатқан ер азаматты ұрып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Бейнежазбада астаналық азаматтың жолда келе жатқаны байқалады. Бір кезде оны біреу жүгіріп келіп арқасынан теуіп жібереді. Бұзақы бірнеше рет бұл қылығын қайталап содан кейін қашып кетеді. Жәбірленуші полицияға хабар берген. Қазіргі таңда үш күдікті қолға түсіпті. Олар елорда тұрғынын қасақана жұдырықтасуға мәжбүрлемек болған.
"Іздестіру шаралары нәтижесінде үш күдікті ұсталды. Олардың жасөсіпрімдер екені анықталды. Қазіргі таңда сот алды тергеу амалдары жүргізілуде", -деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”