Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілуде

Елордада 20 - 21 маусым аралығында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб Астана қаласы аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуларды өткізеді.

Фото pixabay

Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру.

“Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар, соның ішінде қаланың кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін. Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз”, – деп хабарлады ведомство. 

Талқылау