Елордада Тәуелсіздік күніне орай LED-экрандарда мемлекеттік ту көрсетілді (видео)
Астанада Тәуелсіздік күніне орай қала экрандарында мемлекеттік тудың бейнесі пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, елордада Тәуелсіздік күніне орай орталық көшелердің LED-экрандарында, ҚТЖ ғимараттарының медиа қасбеттерінде, ЭКСПО көрмесі мен дөңгелегінде мемлекеттік тудың бейнесі пайда болды.
Астанада 50-ден астам мерекелік іс-шаралар жоспарланып отыр. Мереке күндері елордада концерттер, көрмелер, жарыстар мен спорттық турнирлер өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Астана әкімдігі қалаларда тәуелсіздік күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеген еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан