Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада өткен отшашуға қатысты ІІМ өкілі пікір білдірді

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди карантин кезінде ұйымдастырылған Нұр-Сұлтандағы мерекелік отшашу ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 отшашу"Егер біз бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысын орындамасақ, онда әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекс бойынша бас дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Ереже бұзушылық бойынша жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылған басты құжат – бас дәрігердің қаулысы. Қаулыда отшашу ұйымдастыруға тікелей тыйым жоқ", - деді Алексей Калайчиди.

Сонымен бірге, ол кодексте отшашуды тамашалағаны үшін ешқандай жаза жоқ екенін атап өтті.

"Санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Егер қандай да бір тұлға сол талаптарды бұзғандығы анықталса, онда мәселені заңды түрде қоюға болады, ал олай болмаған жағдайда – жоқ", - деп толықтырды министрдің орынбасары.

Еске салсақ, 6 шілдеде Қазақстанның астанасында қаланың 22 жылдығына және тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай мерекелік отшашу өтті. Бұл халық арасында дау тудырды. Белсенділер өз наразылықтарын ашық түрде білдірді.

Талқылау