Елорда жолдарындағы шұңқырлардың беті тастармен жамалған: Тұрғындар наразылық білдірді
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі "елорда жолдарында шұңқырдың бетін брусчаткамен көмкеріп тастаған" деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Астана тұрғыны Иманов көшесінің бойындағы жолдың жағдайына шағымданды. Кадрлардан төселген тастардың сынықтары жолдың шетіне лақтырылғанын көруге болады.
Бұл жағдайға Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Қар ерігеннен кейін сол учаскеде шұңқырлар пайда болды, олар уақытша брусчаткалармен толтырылды. Бұл жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалаған уақытша шара болған. Ауа райы шұңқырды жөндеуге мүмкіндік бермеді. Биыл Иманов көшесінде жолдың орташа жөндеуі Янушкевич көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі учаскеде жүргізіледі. Жұмыс 1 шілдеге дейін аяқталады. Биыл барлығы 115 көше салынады және жөнделеді деп жоспарланған", - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
2020 жылы елордада, оның ішінде қаланың тұрғын аудандарында 173 көше жөнделген.
Елорданың қақ ортасында ойылып қалған жүргіншілер жолы тұрғындардың зәресін ұшырды (видео)

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
