Мемлекетке қайтарылған элиталық сағаттар мен коллекциялық монеталар аукционда 117 миллион теңгеге сатылды
Фото: E-Qazyna
Сирек кездесетін сағаттар мен монеталар онлайн-аукционда 117,7 миллион теңге жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 және 31 шілдеде E-Qazyna платформасында өткен онлайн-аукционда 14 эксклюзивті қол сағаты мен "Бата", "Беташар" және "Сүйіндір" коллекциялық монеталары сатылды. Аукционды қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания ұйымдастырды.
Мәмілелердің жалпы сомасы – 117,7 миллион теңге, бұл 102,5 млн бастапқы бағадан айтарлықтай жоғары. Барлық сағат қолданылғанына қарамастан, олар жоғары сапалы сатылым алдындағы дайындықтан өтіп, сауда-саттыққа қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Қылыштар, тиын және зергерлік бұйымдар: Кәрім Мәсімовтің үйінен табылған заттар аукционға қойылды
Түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға жіберіледі. Ақша денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым және халықтың осал топтарын қолдау салаларындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Еске салайық, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген тұрғын үй алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған еді. Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. Жылжымайтын мүлік екінші рет наурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге болып бекітілгені туралы жазған едік.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
