Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бес облысында боран салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бес облысында боран салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда алдағы күндері қатты жел соғып, жаңбыр жауады

9 қаңтарда күндіз Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

9 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Оралда да тұман, көктайғақ, бұрқасын болжануда.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда 9 қаңтарда күндіз боран соғып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.  

9 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде екінші деңгейдегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар 9 қаңтардың кешіне дейін сақталады.

Бұған дейін синоптиктер демалыс күндері Қазақстанда жылы ауа райын болжаған

STAN.KZ
Жұма, 08 Қаңтар, 2021 15:07
Талқылау