Еліміздің қай аймағында аяз күшейеді?
Қазақстанның шығысында аяз күшейеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК 11-13 ақпандағы республика бойынша ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күн ішінде Қазақстандағы синоптикалық жағдайды екі барикалық құрылым анықтайды.
" Республиканың шығысына қарай жылжитын суық антициклон, мұнда температура 28-33 аязға дейін төмендейді. Ал батыс өңірлерге Балқан циклоны әсер етеді, ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Көктайғақ, тұман, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі", - деп атап өтті метеорологтар.
Талқылау
Пікір
Çàãðóçêà...