Еліміздің оңтүстік қалаларында тағы да жер сілкінісі сезілді
Еліміздің оңтүстік бөлігінде жер дүмпулері жиіледі. 23 наурыз түнде Шымкент, Тараз және Түркістан облысының жергілікті тұрғындары жер сілкінісін сезді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылардың жедел ақпараты бойынша, жер сілкінісі 2-3 баллға тең. Жер асты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 02:07-де тіркелген. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат болған жоқ.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Магнитудасы – 6.5. 101 және 112 желілерінде зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түскен жоқ", - деп хабарлады Шымкент ТЖБ.
Жергілікті тұрғындар Шымкент қаласының орталығында да, қала сыртында да дүмпулерді сезіп, көпшілігі үйінен шығып кеткен.
Тағы бір жер дүмпуі таңғы 06:27-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 724 км жерде орын алды. Оның магнитудасы – 4.4.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”