Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қай өңірінде тұрғындар қылмыстан қорықпайды: Қауіпсіз өңірлер рейтингінде Атырау және Батыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр

ана балаларымен серуендеп жүр

Фото ChatGPT арқылы жасалды

Қазақстанда тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін бағалау бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесі жарияланды. Статистикада халықтың өз аймағындағы қоғамдық тәртіп пен қылмыс деңгейін қалай бағалайтыны көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімінің деңгейі” атты сауалнаманы Ұлттық статистика бюросы мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүргізген.

Ең қауіпсіз сезінетін өңірлер

Сауалнамаға сәйкес, көшеде өзін толық қауіпсіз сезінетіндер үлесі ең жоғары өңір – Атырау облысы. Мұнда респонденттердің 83%-ы көшеде еш қорқынышсыз жүретінін айтқан. Сондай-ақ көш басында:

Батыс Қазақстан облысы – 77,2%;

Жамбыл облысы – 75,4%;

Жетісу облысы – 72,1%.

Ал Қызылорда облысы (71,8%) "жеткілікті қауіпсіз" деңгейінде болса, Солтүстік Қазақстан облысы (71,8%) "қауіпсіз" деңгейіне тұрақтаған.

Қауіп деңгейі жоғары аймақтарға тоқталсақ. Ақтөбе облысы көшеде өзін толық қауіпсіз сезінбейтіндер үлесі бойынша бірінші орында. Бұл қалада 12,1% адам өзін толық қауіпсіз сезінбейді екен.

Одан кейінгі орында Абай облысы – 4,1% мен Астана – 1,5% орналасқан.

Аталған сауалнамада Қазақстан өңірлері бойынша қылмыс деңгейі де көрсетілген. 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында республика бойынша 64 529 қылмыс тіркелген.

қауіпсіз, қауіпті өңірлерФото: Stan.kz

Ең көп қылмыс жасалған өңірлер:

Алматы қаласы – 11 659 қылмыс;

Астана қаласы – 8 325 қылмыс;

Шымкент қаласы – 4 635 қылмыс;

Қарағанды облысы – 3 719 қылмыс.

Аз қылмыс тіркелген өңірлер:

Ұлытау облысы – 714;

Қызылорда облысы – 1 379;

Маңғыстау облысы – 1 478.

Бұл мәліметтер қылмыс деңгейін ғана емес, адамдардың субъективті қауіпсіздік сезімін де ашып көрсетеді. Қауіпсіздік деңгейі жоғары өңірлерде де белгілі бір көлемде қылмыс тіркеледі. Алайда халықтың сенімі мен қорқыныш деңгейі әрқашан нақты статистикаға сай келе бермейді.

карта қылмыс өңірлерФото: Stan.kz

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 18:12