Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бес аймағында дауылды ескерту жарияланды

26 қарашада Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

дауыл

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 85-90 пайызға бағалады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтауда 26 қарашаға қараған түні қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 85-90 пайызға бағалады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Оралда 26 қарашада тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайыз.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 70-75 пайызға бағалады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Қараша, 2020 17:19
Талқылау