Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қазақстандағы парламенттік сайлаудағы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де жабылды, дауыстарды санау басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бес облыста – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру уақыт айырмашылығына байланысты бір сағаттан кейін аяқталады.
Айта кетейік, сайлау комиссиясы жәшіктерді оның төрағасы дауыс берудің аяқталғаны туралы жариялағаннан кейін ашады. Оған дейін жәшіктерді ашуға тыйым салынады.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін, жәшіктер ашылғанға дейін учаскелік сайлау комиссиясы бюллетеньдерді алған сайлаушыларды санайды.
Сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімдері бойынша белгілейді:
- учаскедегі (дауыс беру пунктіндегі) сайлаушылардың жалпы саны;
- бюллетеньдер алған сайлаушылар саны;
- комиссияның әрбір мүшесі берген бюллетеньдер саны.
Сайлау комиссиясының төрағасы санау нәтижелерін жария етеді және оларды дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаға енгізеді.
Жәшіктерді ашу алдында барлық пайдаланылмаған бюллетеньдерді тиісті сайлау комиссиясы есептейді және жояды.
Алдымен тасымалданатын сайлау жәшіктері ашылады. Бюллетеньдер саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкіндігі туралы жазбаша өтініштердің санына сәйкес келуі тиіс.
Егер тасымалданатын жәшіктегі бюллетеньдер жазбаша өтініштердің санынан көп болса, онда олар жарамсыз деп танылады. Бұл жағдайда тасымалданатын жәшіктен алынған барлық сайлау бюллетеньдерін жарамсыз деп тану туралы арнайы акт жасалады. Онда осы учаскеде дауыс беруді өткізген комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
Тасымалданатын жәшіктер ашылғаннан кейін стационарлық жәшіктер ашылады.
Ортсайлаукомға хабарлама жіберген ұйымдар түн ортасында экзит-поллдың (Exit Poll) алдын ала нәтижелерін жариялайды.
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліске сайлаудың түпкілікті қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылғы 17 қаңтарға дейін шығарады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
