Еліміздің бас санитарлық дәрігері қазақстандықтардан демалысты кейінге қалдыруды сұрады
Қазақстанның бас дәрігері Ерлан Қиясов жақын арада шетелге сапар шегуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға жүгінді.
Оның сөздерін ведомствоаралық комиссияның ресми Телеграм арнасы жариялады.
«Құрметті отандастар, мен жақын арада COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы өте қолайсыз елдерде демалуға немесе басқа жұмыспен баратын адамдарға жүгінгім келеді. Сізден коронавирустық инфекция кең таралатын елдерге барудан аулақ болуыңызды өтінемін. Үндістан, Түркия, Еуропаның кейбір елдері, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азияда індет өршіп тұр. Коронавирустық инфекцияның тез таралуы қоғамға және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне өте қауіпті. Демалысты кейінге қалдырыңыз, өйткені бұл сіздің денсаулығыңыз ғана емес, жақындарыңыз үшін мде маңызды», - деп жазды Қиясов.
Нұр-Сұлтан неге "қызыл" аймақтан шықпай тұр: Қаланың бас санитар дәрігері түсіндірді
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”