Денсаулық сақтау министрінің өз жұмысына көңілі тола ма?
Еліміздің бас дәрігері Ажар Ғиният өзінің министр ретінде жұмысына көңілі тола ма? Ведомство басшысы өз жұмысына баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжілістің жалпы отрысынан кейін министр журналистердің сұрағына жауап берді. БАҚ өкілі бас дәрігерден "өзіңізге жүктелген міндетті атқара алдып жүрсіз бе? Өз жұмысыңызға қандай баға берер едіңіз?” – деп сұрады.
“Мен бұл сауалға осыған дейін де жауап берген едім. Өз жұмысыма баға бере алмаймын. Министрдің жауапты міндетіне ең алдымен мемлекет басшысы, содан кейін халық баға береді”, – деді ведомство басшысы Ажар Ғиният.
Талқылау