Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Республикамыздың барлық мектептері бес күндік оқу жүйесіне көшті 

Бүгіннен бастап еліміздің барлық мектептері бес күндік оқу жүйесіне көшті. Бірақ, бес күндікке қағаз жүзінде көшкен сияқты.

8NvtcpI3HE6xDBhgyF207P3KS23UX9

Өйткені, директорлар мектептегі сабақтарды бес күндік кестеге қалай орналастырса да, ол сыймайды екен, деп хабарлайды 31 арна. 

Сондықтан, алғашқы қоңырау күнгі ата-аналар жиналыстарында бес күндіктің орнына алты күндік болатыны сыбырлап айтылды. Мұғалімдердің сыбырлап айтқаны қаншалықты рас екенін 31 арна тілшілері Ерлан Сағадиевтің өзінен сұрап көрген еді.

Алматы қаласының шет жағында орналасқан бұл мектепте бүгін 14 бірінші сынып ашылды. Бала саны көп болғанына қарамастан, биылдан бастап білім ордалары сабақ кестесін 5 күнге дейін қысқартуға міндеттелді. Сондай-ақ сабақтардың уақыты азайды. Алайда бұл өзгерістерге ата-ана көңілі тоқ емес.

Алайда формалды түрде 5 күн болып өзгерген оқу кестесі іс-жүзінде сол баяғы 6 күн болып қала беретін көрінеді.

“Факультатив, курстық сабақтар бар. Оның барлығын алтыншы күнге қоямыз”, – дейді тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлбарну Нұрәбілова.

Білім және ғылым министрінің өзі де айтылғанда бес дегеннің шын мәнінде алты екенін растап отыр. Бес күндікке өтуге қатысты өзіне жүктелген министрлік міндетті Сағадиев мырза енді жеме-жемге келгенде, ата-аналар мен білім ордаларының басшыларына жүктей салған сияқты.

“Гимназия, лицейлері сабақтары көп болса, пресс релизде айтылды, ол 5 күннің ішіне сыймайды, оны бәрі түсініп отыр. Бірақ енді ата-аналар өздері байқау комитетіне барып, мұғалімдер мен мектеп директорларымен ақылдасып, бір дұрыстап тізім жасасын”, – дейді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Алайда жобасы шикі, өзі асығыс қабылданған білім бағдарламасының олқылықтарынан балаларымыз опық жейді -дейді ата-аналар. Олар үш тілді оқыту жүйесін де сол шалағай жобалардың біріне балап отыр.

— 3 тілде бала қалай үйренеді? Әр сыныпта 25-30 бала. Мұғалім қалай үлгереді?

— Өз тілінде меңгере алмай жүрген бала ағылшын тілінде қалай меңгереді?

Министр ағылшын тілінде өтетін сабақтарды да білім жүйесіне күштеп енгізіп, артынша оның оқытылуын да «ерікті» деп өзгертіп, жауапкершіліктен ақырын ғана бас тартқан болатын. Оқушының сабақ үлгерімін онлайн режимде қадағалап отыруға арналған «электронды күнделік» мәселесін де шу шыққан соң, ата-аналар мен мектептер еркіне деп қалдырған еді.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде жалақы көбейіп, азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

Көкшетауда зорлықтың құрбаны болдым деген бойжеткен жалғыз өзі наразылыққа шықты

Қажылығын өтеп жүрген мүгедек қазақ жігітінің әңгімесі жүректі елжіретті

Талқылау