Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 9 қарашада еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар, көктайғақ, 9-14 жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жел тұрады.

Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді.

Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді.

Қостанай облысында тұман, көктайғақ, секундына15-20 метр жел тұрады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді.

Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ  орын алады. 

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.

Талқылау