"Елімізді алда талай жеңістер күтіп тұр": Садриддин Ахмедов Париж олимпиадасындағы сәтсіздікке қатысты желіде жазба қалдырды
Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов Париж олимпиадасындағы боксшылардың сәтсіздігіне байланысты желіде жазба қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:instagram.com/sadriddin_____soq
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов Париж олимпиадасында сәтсіз өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының нәтижесі туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.
“Елдің көңілі-менің көңілім. Елімнің көңілі түспесін. Елімізді алда талай ұлы жеңістер күтіп тұр” – деді белгілі боксшы.
Садриддин Ахмедов екі жылдық үзілістен кейін АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) соңғы жекпе-жегін 2022 жылы 24 желтоқсан күні Алматыда өткізді. Ол алғашқы раундта оңтүістікафрикалық Нкулулеко Мхлонгоны (23-11-1, 18 КО) нокаутпен ұтты.
Талқылау

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақ үй салынатынын айтып дабыл қақты
Сергей Чикиннің айтуынша, 2000 жылы жер бұрынғы сенатор Құл-Мұхаммедке берілген

"Балам өзін қауіпсіз сезінуі үшін 5 миллион төлеймін": Астаналық ата-ана Нұр-Орда жекеменшік мектебіндегі буллингке шағымданды
Оқушының анасы мектепте буллинг өршіп тұрғанын, ал мектеп әкімшілігі ешқандай шара қолданбайтынын айтты