AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі ірі мұнай өңдеу зауытының бірі Шымкентте орналасқан

Мегаполисте орналасқан Шымкент мұнай өңдеу зауыты - "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС атауымен танымал. Бұл Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының бірі және республикада өндірілетін мұнай өнімдерінің жалпы көлемінің 30%-ын құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС зауыты модернизациялау және қайта жарақтандырудың ауқымды жобасын бастап, 2018 жылдың соңына қарай аяқтады. 

Модернизациялау нәтижесінде шығарылатын отынның сапасы К-5 халықаралық экологиялық классына дейін артып, өндірістің экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтерді. Зауыттың жобалық қуаты жылына 6 млн.тоннаға дейін ұлғайды. Сондай-ақ қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісін ұлғайтты.
Жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін мұнда автоматтандырудың, цифрландырудың озық жаңа технологиялары, өндірістік процестерді одан әрі жетілдіру және шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейту саласында халықаралық тәжірибе кеңінен енгізіліп жатыр.

Бүгінде "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" зауыты қала бюджетіне қомақты төлем жасайтын және бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып отырған, ондаған шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен гүлденуіне септігін тигізіп жүрген алып кәсіпорын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр