Еліміздегі ең ірі музыкалық жобадан шу шықты
Еліміздегі ірі музыкалық жоба болып саналатын “Голос Казахстана” бағдарламасынан шу шықты. Қатысушылардың бірі Нұрболат Базарбаев жобадан кетіп қалған.
Фото: Kursiv.kz
Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
Нұрболаттың жобадан кетуі әділқазылардың да, телекөрермендердің де шешімі емес. Шоудың жүргізушісі Чингиз Капиннің айтуынга, ол “тәртіпті бұзғаны үшін” жобадан шеттетілген.
Нұрболат “Голос Казахстана” шоуына қатыса жүріп, тағы бір шетелдік музыкалық жарыстың кастингінде бақ сынаған. Бұл жоба шартына қайшы келетініне қарамастан, ұйымдастырушылар оның бұл әрекетіне көз жұмып қараған. Алайда Нұрболат дайындыққа да келмей қойыпты.
“Кез-келген телевизиялық жоба – бұл бір айдан астам дайындықты талап етеді. Ал Голос басқа шоуларға қарағанда да үлкен дайындықты талап ететін жоба. Мұнда қатысушылар тірі оркестрдің сүйемелдеуімен ән орындайды. Бұл дегеніңіз аса көлемді жұмыс. Оның артында ұйымдастыру жұмысымен айналысатын қаншама адамның шаруасы бар. Нұрболат осы тәртіпке бағынбағандықтан, жобадан шығарылды,” – деді жобаның бас редакторы Наталья Слудская.
Әр апта сайын жобадан бірнеше адам шығып отырады. Жеңіске жеткен жеңімпаз 7 миллион теңге сыйақыға ие болмақ. Жобаның финалы 30 желтоқсан күні сағат 20:30-да “Евразия” арнасынан көрсетіледі.
Еске сала кетсек, осы жобаға Қайрат Нұртас та үміткер ретінде қатысып, тәлімгерлерді таңғалдырған еді. “Аңсайды жаным” әнін жанды дауыста орындаған Қайратты тәлімгер Нұрлан Абдуллин таңдап алған болатын.
Оқи отырыңыз:
Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлап, өлең арнады (видео)
Қайрат Нұртастың әкесі отбасын сақтап қалу үшін кезінде әншіліктен бас тартқан
Әнші Айша әкесінің өмірден озғанын 10 жыл бойы білмеген
Желі оқырмандары Тәуекел Мүслімге Кәмшат Жолдыбаеваға үйленуге кеңес берді