Қазақстан алтын, алмаз шығаратын кен орындарын саудаға салмақ
Жерден бөлек, жер қойнауындағы қазына да аукцион арқылы сатыла бастады. Еліміздегі пайдалы қазбаға тұнып тұрған 100-ден аса кен орны 16-шы маусымда ашық саудаға шығарылмақ, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Сурет: atameken.info
Яғни, кез-келген қалталы Қазақстан азаматы мен шетелдіктер аукционға қатысып, бағалы, түрлі-түсті металл, алтын, мыс, тіпті алмазы бар кен орнын сатып алуға қақы бар. Ең қымбат баға ұсынған байлар қойнауы қазынаға толы жердің иесі атанады. Бірінші кезең бойынша, Ақмола облысындағы «Комсомол» кен орны саудаға түседі. Оның бастапқы құны 9 жарым миллион. Ал, Солтүстік Қазақстандағы алмазы бар «Қаратал» кен орнының бастапқы бағасы 600 мың теңге.
Аукционға қатысуға ниетті инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер 26-шы мамырға дейін өтініш жазуы тиіс. Жер қойнауындағы байлықты жаппай сату науқаны былтыр басталған болатын. Ол кезде саудаға қойылған 100 кен орнының 49-ы сатылып, бюджетке 1 жарым миллиард теңге түскен.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн