Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жемқорлық жайлы құзырлы органдарға хабарлаған азаматтар 10 млн теңгеге дейін сыйақы ала алады

Енді жемқорлық жайлы құзырлы органдарға хабарлаған азаматтар 10 млн теңгеге дейін сыйақы ала алады. Бұл жөнінде өткен жылды қорытындылаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

Елімізде жемқорлық жайлы құзырлы органдарға хабарлаған азаматтар 10 млн теңгеге дейін сыйақы ала алады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, агенттіктің алқа отырысында атышулы ЛРТ-ға қатысты тергеу аяқталғаны белгілі болды. Бюджетке келтірілген шығын 5,7 млрд теңгені құраған. Қазір, іске қатысы бар он адамның үшеуіне халықаралық іздеу жарияланған. 

Жұртты шулатқан ЛРТ-ға қатысты тергеу ақыры аяқталды. Жерүсті метросының қаржысын талан-таражға салды деген күдікпен іске 10 лауазымды тұлға тартылып, оның үшеуіне халықаралық іздеу жарияланған. Бой тасалап жүргендердің арасында ЛРТ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан да бар.   

"ЛРТ-ға қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдарымен танысу басталды. Ақша жымқырып, жасырынып жүрген қылмыскерлерді іздеу жалғасып жатыр. Шығын көлемі 5,7 млрд теңгені құрап отыр. 10-ға жуық адам күдікті деп танылып, 3 адам халықаралық іздеуде жүр. Олардың қайда жасырынғанын білеміз, қалған ақпараттар жарияланбайды", - жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департамент жетекшісі Сергей Перов. 

Ал былтырғы парақорлыққа қатысты фактілер жаға ұстатады. Қазына қаржысын талан-таражға салған мыңнан астам  лауазымды тұлға істі болып, мемлекетке 24,6 млрд теңге шығын келген. Бірақ, оның барлығы дерлік қазынаға қайтарылыпты.   

"Агенттікпен өткен жылы 1717 жемқорлық фактісі тіркелген. Оның жартысынан астамы пара беру. Мыңнан астам лауазымды тұлға істі болды. Сондай-ақ, 112 жүйелі жемқорлықтың жолы кесілді. Мемлекетке 24,6 млрд теңге шығын келтірілген. Оның 22,7 млрды өндіріп алынды", - ҚР жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев. 

Ал, өткен жұмада Кереку жұртын дүр сілкіндірген өңір басшысы Болат Бақауов жөнінде де агенттік бірқатар ақпарат таратты. Құзырлы органның мәліметінше, шенеунік "жемқорлық" бабы бойынша да күдікке ілінген көрінеді.

"Бұл сұрақ бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге облыс әкіміне қатысты істі тергедік. Аталған қылмыстық іс бойынша, ведомство аралық жедел тергеу комиссиясы құрылды. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, қалған ақпараттар жариялануға жатпайды. Шенеунікке біздің сала яғни жемқорлық бойынша бір қатар сұрағымыз болды. Қазір Бақауов екі айға қамауға алынды", - деді ҚР жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаменті жетекшісінің орынбасары Бауыржан Балғабаев. 

Сонымен қатар, талай байрақты бәсекелерде еліміздің намысын қорғаған Артур Ардавичус те мотоспортқа деп бөлінген 2 млрд теңге қаржыны жымқырды деп күдіктеліп отыр. Айта кету керек, Ардавичус атақты "Ралли Дакар-2012" бәсекесінің қола жүлдегері. Қазір, шетелде бой тасалап жүр екен.  

"Артур Ардавичус құрал-жабдықтар алуға, оқу-жаттығу жиынан өткізуге бөлінген 2 млрд теңгені жымқырды деп күдіктеліп отыр. Дәл қазір, спортшы шетелде бой тасалап жүр. Бір айға жуық уақыт біздің тергеушілер онымен келіссөз жүргізді. Елге келуге үгіттеді, бірақ Ардавичус Қазақстанға оралудан, түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартты. Спортшы осы уақытқа дейін, өзінің кінәсіз екенін, бізбен кездесуге дайын екенін айтқан болатын. Бірақ, іске келгенде мүлде керісінше", - ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекшісі Сергей Перов. 

Агенттіктің алқа отырысында сөз алған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, халықтың назарын аудару үшін жемқорлық жайында кинолар тіпті сериалдар түсіруді ұсынды. Ал, мұндай бейнероликтер ауызбастырықтың алдын алады ма жоқ па ол сұрақтың жауабын алдағы уақытта білеміз.     

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Табыт жасаумен айналысқан": Ақмола облысында ерлі-зайыптылар төсегінде өлі күйде табылды

Олардың денесінде ешқандай зорлық ізі жоқ

"Басынан атқан": 21 жыл бұрын ауылдасын өлтірген қаскөй жазадан құтылып кетті  

Қазақстан заңымен 15 жыл бұрын болған қылмыс қудалауға жатпайды

Қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдету ұсынылды

Ресей үкіметі Украина, Белоруссия, Молдавия және Қазақстан тұрғындары үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдетуді ұсынды

Алматыда іс-түссіз жоғалып кеткен 14 жасар жасөспірім табылды

Полиция: "Баланың жағдайы жақсы, ешқандай зиян шекпеген"

Асқазанынан 1 келіден асатын шаш алып шықты: Таразда 13 жасар қызға ерекше ота жасалды

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай мөлшердегі қалдық кемі бес-алты жылда жиналуы мүмкін

Ломбардтың алданған клиенттері сейфтерді ашуға тырысқан: Қазақстанның бірнеше қалаларында жанжал шықты

Үш күн бойы ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін қонақ үйлер жабылды

Интимді қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздардың жаңа легі ұсталды

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

"Өздерінің 12 адамның өлімін менің мойныма артып қою негізгі себебі сол": Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

"Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын": Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр