Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жекешелендіру аясында 125,5 млрд. теңгеге 451 нысан сатылды

Жекешелендіру аясында 125,5 млрд. теңгеге 451 нысан сатылатыны жайында бүгін Үкімет отырысында баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

20170223184749

Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

«Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында мемлекеттің ұлттық экономикаға қатысу үлесін ЭЫДҰ-ның көптеген елдерінің деңгейіне сәйкес келетін ІЖӨ-дегі 15%-ға дейін азайтуды тапсырды», – деді Сүлейменов.

Ол аталған көрсеткішке қол жеткізу Yellow Pages принциптерін сақтау, 2020 жылға дейін Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру, бұл ұстанымдарға сәйкес келмейтін компанияларды қайта құру және жою арқылы мүмкін болатындығын атап көрсетті.

«Қазіргі уақытта сатуға 589 ұйым қалды, оның ішінде 2017 жылы 488 ұйымды, ал 2018 жылы 101 ұйымды сату жоспарланған. Ірі компанияларды сату мәселесі Мемлекеттік комиссияның отырыстарында тұрақты негізде қарастырылады. Бүгінде ТОП-68-ден 32 активті, оның ішінде республикалық меншіктегі 8 компания мен Қордың 24 компаниясын, сондай-ақ Қордың 140 активі мен оның бәсекелестік ортаға беруге жататын тобынан 168-ін сату әдісі бойынша шешім қабылданып отыр», – деді министр.

Оның келтірген мәліметтері бойынша, 2014 жылғы маусымнан 2017 жылғы 23 маусымға дейін жалпы сомасы 125,5 млрд.теңгеге 451 нысан сатылған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылы Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша нысандарды сату аяқталады, ал сату мәселесі тыңғылықты және егжей-тегжейлі дайындықты қажет ететін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның ірі 17 компаниясы 2019-2020 жылдарға жоспарланып отыр», – деді Сүлейменов.

Ол мемлекеттік меншікті жекешелендіруден және ұлттық басқарушы холдингтерінің құрамына кіретін активтерді сатудан түсетін табыс 4-тен 7 миллиардқа дейінгі долларды құрайтынын атап өтті, түсімдердің көлемі сауда нәтижелеріне байланысты болмақ.

«Инвесторлар негізінен «Самұрық-Қазына» қорының 47 ірі активіне қызығушылық танытып отыр, оның 7-еуі IPO/SPO арқылы сатылады. Қордың ірі компанияларының IPO стратегиясы бойынша қабылданған шешімдеріне орай, IPO-дан түсетін түсімдерінің болжалды көлемі 3,5 млрд. АҚШ долларынан 5,5 млрд. АҚШ долларына дейінгі қаражатты құрауы мүмкін», – деді министр.

Тағы да оқыңыз:

Алматыдан ұшып шыққан Qazaq Air ұшағы әуежайға қайта оралды

Жол жүрісі мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді

Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттап кетті

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы ең қымбат лайнерлер тізіміне кірді

Талқылау