Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде төтенше жағдай алынғаннан кейін қандай шараларға тыйым салынды?

11 мамыр күні Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда бұл дегеніміз карантин аяқталды деген сөз емес. Бірқатар нысандардың жұмысы қайта жанданғаны рас. Дегенмен карантин кезінде тыйым салынған дүниелер де бар. Бұл туралы  ҚР бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қабылдаған жарлығында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кинотеатрБас санитарлық дәрігердің жарлығына сәйкес, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салуды;

2) сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;

3) діни объектілердің қызметіне тыйым салуды;

4) эпидемияға қарсы режим талаптарының жұмыс режимінің сақталуына мониторингті және әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың объектілерге іріктеп тексеру жүргізуін;

5) әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді;

6) қоғамдық орындарға, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, аулалық балалар алаңдарына және басқа да объектілерге санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

7) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Бұған дейін қазақстандықтар қашаннан бастап көшеде емін-еркін жүріп-тұра алатыны айтылған болатын. 


STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Мамыр, 2020 12:42
Талқылау