Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде таразыдан пайда таппақ болған кәсіпкерлерге 2 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады

Сауда және интеграция министрлігі енді елімізде тұтынушыны алдап, таразыдан пайда тапқысы келген саудагерлерге айыппұл салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет сюжет кадрларынан скринделген

Енді жыл сайын бақылауды арнайы аттестацияланған тексерушілер жүргізіп, электронды таразыдан қандай да бір шикілік тапса, кәсіпкерді әкімшілік жазаға тартады.

Бұл үшін кәсіп иелері 100 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Мұндай тексеріске шағымдардың жиілеп кетуі себеп болған. Сондықтан ел азаматтары болса бұл жаңалықты бірауыздан қолдап отыр.

“Тексергеннің артық кемшілігі жоқ, керсінше халыққа пайдасы бар. Таразыдан алдайтындар көп қой”, “Тексерген дұрыс. Бәрі бірдей емес шығар, бірақ алдайтындар бар. Айыппұл салсын, мен қолдаймын”, “Үйге келген соң біз оны тексеріп те жатпаймыз ғой. Сенбедік, деп дәлелдей де алмаймыз”, – деді тұрғындар. 

Еске салсақ, Қазақстанда сауда нүктелеріндегі таразылар тексерілетіні туралы хабарлаған болатынбыз. 

Талқылау