Елімізде тағы бір сала қызметкерлері үшін міндетті вакцинация енгізілді
Үкімет басшысы Асқар Мамин қызмет көрсету және білім беру саласының қызметкерлері үшін міндетті вакцинация енгізу керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бүгінде вакцинаның алғашқы компонентін 3,3 миллион қазақстандық салдырғанын тілге тиек етті. Оның сөзінше, екпенің екінші дозасын 2 миллионға жуық адам алған.
"Десек те бұл әлі де жеткіліксіз. Әкімдер вакцинанциялау қарқынын күшейтуі қажет. Әсіресе Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында осы тұрғыда шаралар қабылдау керек. Міндетті вакцинаны еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету және білім беру салаларында енгізу қажеттілі туып отыр", - деді Мамин.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемологиялық ахуал жайлы баяндаған болатын.
Елімізде вакцинаны қандай жағдайда салдырмауға болатыны айтылды
Талқылау