Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі өзгерді
Жастар жұмыссыз қалмаудың қамына кірісті! Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі түбегейлі өзгерді, деп хабарлайды КТК.
Абитуриенттер бұрын көштің басын бермей келген заңгер, есепші қызметтерінен бас тартып, көлікжөндеуші, дәнекерлеуші, электрик мамандықтарын таңдауға кіріскен. Бұл біз үшін қуантарлықжағдай. Өйткені, елімізде дәл осы салалардағы кәсіби кадрлер тапшы. Ал, таңдауы кеңседеотыратын «таза» қызметке түскендердің жұмыс таппай тентіреп жүргендерін абитуриенттер түсінсекерек.
Таңнан кешке дейін кеңседе отыру енді сәнде емес. Биылғы сұранысқа ие мамандықтар тізімі соның дәлелі. Бұрын көштің басын құқықтану, есеп және аудит мамандықтары бермей келсе, қазір «тазадан» гөрі «қара» жұмысқа қызығушылық артқан.
Бірінші орында емдеу ісі мен бастауыш сыныптарға білім беру қызметтері тұр. Құқықтану үздік үштікке кіргенімен, оны таңдаған жастар 5 жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 2 есеге азайған. Есеп және аудит саласы бойынша да жағдай осындай. Ал, автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы сұранысқа ие бестікке еніп, аналитиктердің өзін таң қалдырып отыр. Оның оқуына 10 мың талапкер түскен.
Машина жөндеуші болуды жөн көргендердің бірі алматылық Еламан Әбінәлі. Жаны қалаған істің қыр-сырын меңгеріп алған соң, ол өзінің көлік жөндеу орталығын ашпақ. 2 курс студенті мамандық таңдауда қателеспегеніне сенімді.
“Қазіргі кезде автокөліктер неше түрлі түрлері шығып жатыр. Оларға көптеген техникалық қызметтер көрсету керек. Оларға көп оқыған мамандар жоқ та. Көбі жаңағы заңгер деген сияқты мамандықтарды оқиды да”, – дейді Алматы электромеханикалық колледжінің студенті Еламан Әбінәлі.
Биыл слесарь, электрик және дәнекерлеуші қызметтеріне де қызығушылық күрт артыпты. Осылайша, жастардың талғамы сұранысқа сәйкес келіп отыр. Аталған мамандық иелерінің бізде тапшы екенін айта кетейік. Ал, биылғы көрсеткіш осындай мамандарды даярлайтын оқу орындары үшін жағып тұр.
“Былтыр мысалы бізде бар-жоғы 612 бала болатын қорытынды мысалы, жылмен біткен кезде. Биыл қазір баланың саны 695. /08:10/ – Биылғы жылды қорытындылаған кезде мысалы 72 процент біздің балалар трудостроин”, – дейді Алматы электромеханикалық колледжінің директоры Болатжан Бозымбаев.
Осылайша, дипломы бар жастар жұмыссыз сенделмейтін болды. Бұған дейін, олар аталған салаларда айлықсыз қаламыз деп қорыққан. Енді, түлектер де, ата-аналар да көлік жөндеуші, дәнекерлеуші сынды мамандықтардың келешегі зор екенін түсініпті.
“Абитуриенттер бізге қандай мамандардың шын қажет екенін ұғына түсті. Олардың бұл салаларға бет бұруына «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» да әсер еткен”, – дейді finprom.kz аналитигі Азамат Қасымбеков.
Десе де, болашақ заңгерлер мен есепшілер де жұмыссыз қалмасына сенімді. Сарапшылардың мәліметінше, биыл тоғызыншы сыныпты бітірген түлектер колледждерге көптеп ағылған. Қазір мұндай білім ордаларында жалпы саны 169 мың адам оқиды. Ал, бұған дейін, бәрі керісінше болатын. Яғни, колледжде білім алушылар саны жыл сайын 5 пайызға кеміп отырған еді.
Тағы да оқыңыз:
Енді атаулы әлеуметтік көмекті ай сайын емес, бірден алуға болады