Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді атаулы әлеуметтік көмекті ай сайын емес, бірден алуға болады

Атаулы әлеуметтік көмекті төлеудегі өзгерістер белгілі болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Өзгерістің бірі — мемлекет енді жарты жылдың әлеуметтік көмегін бірден төлей алады.

«Атаулы әлеуметтік көмекті бұрынғыдай біз ай сайын төлей аламыз немесе оны бірден алуға болады. Егер отбасы алты айдың әлеуметтік көмегін алып, өз ісін ашқысы келсе, онда жарты жылдың ақшасы бірден беріледі», — дейді Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, мемлекет енді ақшалай көмектен бөлек, білім алып, жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін болады.

“Ендігі уақытта кешенді көмек болады. Күнкөрісі төмен отбасылар бұрынғыша ақшалай төлемақы түрінде атаулы әлеуметтік көмек алады. Осыған қоса, жұмыс табуға, білім алып, мамандық меңгеруге, кредит алуға, оқу орнын бітіріп, жұмыс таба алмай жүрген жастарға тәжірибеден өтуге көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек, еңбек ресурстарына қажеттілік бар солтүстік өңірлерге көшкен кезде де әлеуметтік жәрдем қарастырылған”, — дейді Дүйсенова.

Тағы оқыңыз:

Головкин-Альварес жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам анықталды

Мұхамеджан Тазабек: Головкин біздің балалардай емес, миллиондарды кешіп жүргеніне қарамай тым қарапайым екен

Головкин-Альварес айқасы үш кездесуге дейін созылуы мүмкін

Талқылау