Елімізде SMS арқылы тіркелген алғашқы сәбиге туу туралы куәлік берілді
Қазақстанда SMS-хабарлама арқылы тіркелген сәбиге туу туралы куәлік берілді. Проактивті форматтағы қызмет түрі алғаш қызды болған Астана тұрғыны Роза Айнабековаға көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа құжатты Айымға “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов табыстады.
Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-мен бірлесіп, бала тууға көрсетілетін жаңа форматтағы пилоттық жобаны іске қосты. Жоба аясында сәбилі болған тұрғындар SMS хабарлама арқылы туу туралы куәлік ала алады.
Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап 1208 әйелге проактивті форматта қызмет көрсету туралы ұсыныс SMS-хабарлама күйінде жолданды.
Бала өмірге келісімен, ата-анасына құттықтау хаты, сондай-ақ, баланы тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы ұсыныс жасалады.
Телефон арқылы әлеуметтік жәрдемақыға қажетті құжаттар мен шот нөмірін, сондай-ақ балабақшаға кезекке тұрғызатын мәліметтерді жіберуге болады. Өтініш беруші бар болғаны дайын құжатты алып кетеді немесе оны үйге жеткізу қызметін пайдаланса болады.
Жақын арада проактивті форматтағы қызмет зейнет және әлеуметтік қамту салаларына енгізілмек. Айта кетейік, мемлекеттік қызметті проактивті форматта алу үшін ИИН-ді телефон нөміріне тіркеу керек. Оны электронды үкімет порталында жасауға болады.
Жіберіп алмаңыз:
ОҚО-да мұғалімдер, полицейлер және дәрігерлерге қызметтік баспана беріледі
Аружан Саин : Шешініп әдемі билеудің өзі үлкен өнер
Анасы: Қызым шұжықтан ұшынып емес ауруханадан инфекция жұғып қайтыс болды