Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде сексуалды қорлыққа түскендер үшін құпия сенім телефоны жұмыс істейтін болды

Сексуалды алымсақтық құрбанына айналған адамдарға арналған сенім телефоны жұмыс істей бастады. Бұдан былай 150 қысқа нөміріне хабарласып, оқу орнында, қызмет орнында болған жыныстық мәжбүрлеу фактілерін хабарлауға болады.

Мамандар жәбірленушілерге тек психологиялық қана емес, заңдық көмек те көрсетеміз дейді, деп хабарлайды 31 арна.

Бүгіннен бастап қоңырауларды қабылдай бастайтын сенім телефоны тәуілік бойы, тегін әрі құпия түрде қызмет ұсынатын болады. 3 ай бойы желі жыныстық қатынас жасауға, нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету деректері бойынша ақпарат жинап, еліміздің кейбір заңдарына өзгертулер енгізу бойынша ұсыныс жасауға негіз болмақ.

“Соңғы 4 жылда құқық қорғау органдарында қылмыстық кодекстің 123 бабы бойынша бір де бір қылмыс тіркелмеген. Бұл немен байланысты? 123 бап жеке айыптау ісіне жатқызылған, яғни жәбірленуші сотқа өзі жүгінуі керек. Ол дәйектердің барлығын тәртіп сақшыларының көмегінсіз өзі жинауға міндетті. Ол жеке-қоғамдық немесе қоғамдық айыптаулар санатына өтуі керек”, – дейді заңгер Джохар Өтебаев.

Мамандардың айтуынша, сексуалды алымсақтық жасауға қолында аз болса да билігі бар адамдар барады екен. Әдетте бұл лауазымы жоғары әріптестер, бастықтар, мұғалімдер мен бизнес-серіктестер. Сондықтан жауапкершілікке тек нәпсіқұмар ғана емес, ол қызмет етіп отырған компания не мекеме, яғни жұмыс беруші де тартылуы керек, -дейді белсенді топ.

“Біздің зерттеу нәтижелеріміз көрсеткендей, жыныстық мәжбүрлеу мемлекеттік мекемелерде, бизнесте жиі кездеседі. Яғни мансап өсіруге, қызмет жоғарлатуға мүмкіндік бар жерлер. Сондай-ақ студенттер мен мигранттар нәпсіқұмарлардың құрбанына жиі айналады екен”, – дейді «Дағдарыс орталықтары одағының» төрайымы Зульфия Байсакова.

«KORGAU123» деген атпен құрылған қоғамдық тұғырнама өз лауазымын пайдалана отырып қырындау әрекеттеріне қатысты жазаны ауырлатуға күш салмақ. Ал әзірше, алымсақтық жағдайларын былай қойғанда, зорлау фактісінің өзі қылмыстық кодексте орта-ауыр қылмыс түріне ғана жатқызылған екен.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында жатақханадағы өртке кінәлілер 10 жылға сотталуы мүмкін

Елімізде бастығы жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін қыз-келіншектер мұңын айтты

Атырау облысында тірідей жанып кеткен жұмысшылардың туыстары жатақханадағы сұмдықтарды айтты

Талқылау