Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ипотекаға алынған пәтерлерді жалға бергендер жауапқа тартылады: Мұндай жағдайға тап болмас үшін не істеу керек

Фото: pixabay.com

Елімізде пәтерді ипотекаға алғандар оны жалға берсе банк оған айыппұл салады. Алайда сарапшылардың айтуынша ипотекаға үй алғандардың 30% - ы жалға береді. Осы тұста мамандар заңбұзушылық болып, соңында жауапқа тартылмас үшін не істеу керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттгі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бірінші несиелік бюроның мәліметінше, бүгінде 600 мыңға жуық қазақстандық ипотека төлеп жатыр. Көпшілік заң бойынша банкте кепілге қойылған ипотекалық тұрғын үйді жалға беруге болмайтынын біле бермейді. Заңгерлер ипотека бойынша сатып алынған тұрғын үй заң бойынша кепілге жататынын еске салды. Сондықтан оны тек банктің келісімімен ғана басқаруға болады. Банк тәуекелдерді болдырмау үшін кепілдегі жылжымайтын мүлікті жалға беруге тыйым салуға құқылы. 

“Егер кейбір жалға алушылар бұл пәтерді тонап кетсе, банк зардап шегуі мүмкін. Сонымен қатар, қоныстанғандар ұзақ уақыт шықпай қоюы мүмкін. Ал банк бұл мүлікті, мысалы сауда-саттыққа шығаруы мүмкін. Егер кепіл беруші өз міндеттемелерін орындамаса және тек сот арқылы шығарылса, бұл банк үшін мәселе болады”, – деді заңғгер Сергей Уткин. 

Мамандардың айтуынша, азаматтар келісім алу үшін банкке сирек жүгінеді. Ал бұл заң бұзушылық.

Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Лев Тетиннің айтуынша, ипотекалық тұрғын үйдің шамамен 30% -ы жалға беріледі. Бірақ банк бұған әркез рұқсат бере бермейді. 



“Егер сіз ипотека алғаныңызды және жеңілдікті арнайы шарттар алғаныңызды білдірсеңіз, онда бұл жағдайда банк 100% бас тартады. Өйткені бұл басынан-ақ  инвестициялауға арналған бағдарлама емес. Ал егер нарықтық шарттарды алсақ, банктер келісім береді”, – деді халықаралық жылжымайтын мүлік сарапшысы Лев Тетин.

Егер пәтер ипотекада болса, банкке хабарласып, жалға алуға келісім алу қажет. Үй иесі жеке кәсіпкерлікті рәсімдеу немесе онсыз тұрғын үйін салық арқылы жалға беру жүйесінің бірін таңдай алады. Жеке кәсіпкерлік болмаса, салық жалдау ақысының 10%-ын құрайды. Жеке кәсіпкерді тіркеу кезінде салық төмен болады. Шамамен табыстың 1-ден 3% - на дейін. Бірақ зейнетақы, медициналық сақтандыру және басқалары сияқты әлеуметтік аударымдарды төлеуге тура келеді. Жазбаша жалдау шартын жасау өте маңызды. Содан кейін оны ХҚКО-да тіркеңіз. Мұндай тәртіп мәміленің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Банк пәтердің жалға берілгендігін тексеруге құқылы. Бірақ іс жүзінде мұндай тексерулер сирек кездеседі.

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 17 Мамыр, 2025 11:47
Талқылау