Елімізде несие пайызы жоғарылайды - Экономист
Теңгенің құлдырауына байланысты Қазақстан Ұлттық банкі базалық ставканы 13,5 %-ке көтерді. Бұл ел халқына қалай әсер етеді? Экономист Мақсат Халық журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында түсіндірді.
Маманның айтуынша, енді еліміздегі банктерде несие пайызы көтеріледі, ипотека алу қиындайды.
"Тіпті, банктер ипотекалық несие беруден бас тартуы мүмкін", – деп пікір білдірді экономист.
Сондай-ақ несие пайызының жоғарылауы елімізде бизнес саласының дамуына кері әсер ететінін жеткізді.
"Екіншіден, бизнес үшін өте қолайсыз болады. Өйткені бұған дейін де бизнес қымбат несиелерді көріп келді, арзан несиелерге қол жеткізе алмайды.
Жақында президентіміз екінші деңгейлі банктерді қатты сынады. Бизнеске төмен несиелер беру керек, деді. Бірақ банктер оған ықылас танытпайды. Енді 13,5 пайызға көтерілген кезде, банктер бизнесті қаржыландыруға мүлдем ықыласты болмайды", - деді Мақсат Халық.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”