Елімізде коучтардың қазақстандықтарға бірден табысқа кенелетінін айтып, уәде беруіне тыйым салынбақ
Қазақстан заңнамасына өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. Соған сәйкес енді коучтарға ел тұрғындарына бірден табысқа кенелетінін айтуға тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайыновтың айтуынша, қазір көптеген қазақстандықтар тренингтерге жиі қатысады. Оларды ұйымдастырушылар қатысушыларға өмірді жақсы жаққа түбегейлі өзгертуге болатынын айтады. Алайда, іс жүзінде ол жүзеге аспай жатады.
"Біз бұл тармақты заң жобасында ескердік. Тренинг ұйымдастырушылар тұтынушыға қызметті алу нәтижесінде бәрі бірден жақсарып кетеді деп айтуға құқығы жоқ. Бұл көрсетілетін қызметтің сапасына қатысты тұтынушыны жаңылыстырады", – деді Құсайынов.
Айта кетейік, бұған дейін Депутаттар Қазақстанда коучтар мен бизнес тренерлерді сертификаттауды ұсынған еді.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"