Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде коронавирустан көз жұмғандарды кез келген зиратқа жерлеуге рұқсат берілді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу тәртібі өзгертілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Марқұмдардың жерлеу талаптары өзгертілді. Бұл тақырып өзекті болып тұр. Енді коронавирустан көз жұмған азаматтарды кез келген зираттарда санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарды сақтай отырып жерлеуге болады", - деді Цой. 

Сонымен қатар ол коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артып жатқанын алға тартты. Ауруханалар күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. 

Еске салайық, бұған дейін министр коронавируспен күресуге бағытталған жаңа шаралар ұсынған еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Маусым, 2020 10:37
Талқылау