Елімізде қаражатты үнемдеу үшін енді жүргізуші куәлігіне чиптер қойылмайды
Фото: Gov.kz
Ішкі істер министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу үшін енді қазақстандық жүргізушілер куәлігіне чип қойылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігі көлік құралын тіркеу куәлігі мен жүргізуші куәлігінің формалары мен үлгілеріне қатысты ведомство басшысының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жоба дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Жобаның мақсаты – жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінің бланктерінен электронды чипті алып тастау. Жоба авторларының айтуынша, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды талап етеді. Ал қазіргі кезде олардың функцияларын мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелер толық қамтамасыз етіп отыр.
Құжатта атап өтілгендей, чиптен бас тарту бюджет қаражатын үнемдеуге және құжаттарды дайындау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген