Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде медицина саласындағы бір мамандыққа бөлінетін грант саны артпақ

Қазақстанда медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиена  мамандарын даярлау факультеттерінде оқу грантының саны көбейеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

грант

"Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиология қызметі мамандарының санын арттыру мақсатында шаралар қабылданып жатыр. Осының негізінде 2021 жылдың қаңтарынан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізетін мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің жалақасы аудан деңгейінде 70%, облыс деңгейінде 40%-ға көтерілді", – деді Алексей Цой. 

Министрдің айтуынша, 2021-2022 оқу жылынан бастап жоғарғы оқу орындарында санитарлық-гигиена мамандары жаңа "Қоғамдық денсаулық" оқу стандарты бойынша оқытылады. Сонымен қатар "Медициналық профилактикалық іс" факультетінің бакалавриатының 150 орын, магистратураға 50 орын бөлінген. 

"Биылғы жылы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-гигиена мамандарын оқыту мерзімін "Қоғамдық денсаулық" бағдарламасына сәйкес 4 жылдан 5 жылға ұзарту мәселесі қаралды. Сонымен қатар жоғары оқу орындарына жыл сайын бөлінетін грант санын көбейтіп, 2025 жылға қарай 400 орынға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында маман тапшылығын азайтуға көмектеседі", – деп түсіндірді Алексей Цой.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 11 Қазан, 2021 14:15
Талқылау