Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде дәрі-дәрмекті дәріханаларға қайтару мүмкін болмақ

Қазақстанда енді дәріханаларға дәрілерді қайтару мүмкін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Мәжіліс "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Сауда министрі Арман Шаққалиев құжатта медициналық өнімдерді қайтарылмайтын тауарлар тізімінен шығару қарастырылғанын хабарлады.

Ұялы байланыс абоненттік құрылғылары да қайтарылмайтын тауарлар қатарынан шығарылды.

"Қоғамдық тұтынушылар бірлестіктеріне тауарлар мен қызметтерді тестілік сатып алуға мүмкіндік берілді, тұтынушы тауарды несиеге сатып алған жағдайда оны қайтару шарттары айтылды, кәсіпкерлік субъектілерінің ерекше қажеттілігі бар тұтынушылармен қарым-қатынасы түсіндірілді", – деді Сауда министрі. 



Арман Шаққалиев заң жобасында авиабилеттерді сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы келісімшарттар бойынша 100% қайтармау шартын алып тастағанын айтты.

Мәжілісмен Бақытжан Базарбек қайтарылмайтын билеттерге қатысты тоқталды.

"Халық заңсыздықтан шаршады, билеттер қайтарылмайды, рейстер кешіктіріліп жатыр, осы себептерге байланысты мүгедектер мен кәмелетке толмағандар рейссіз қалып жатыр", – деді депутат.

Талқылау