Елімізде еңбек демалысын рәсімдеген кезде мереке күндері қалай есептеледі
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек демалысы мейрам күндерімен тұспа-тұс келген жағдайда қалай рәсімделетінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, егер азаматтың еңбек демалысына шыққан уақытында мереке күндері кездессе, онда бұл күндер демалыс мерзіміне кірмейді.
“ҚР Еңбек кодексінің 90-бабы 1-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы мерекелерді қоспағанда күнтізбелік күндермен есептеледі. Бұл тұрғыда жұмыс режимі мен ауысым кестелері есепке алынбайды”, – делінген министрлік хабарламасында.
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңының 5-бабына сәйкес, егер мереке аптаның демалыс күндеріне түссе, онда келесі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Алайда мұсылман күнтізбесі бойынша тойланатын Құрбай айт және 7 қаңтардағы христиандардың Рождество мерекесі демалыс болып есептелгенімен, мемлекеттік мейрамдар тізіміне кірмейді. Сондықтан егер айтылған мейрамдар демалыспен тұспа-тұс келсе, келесі күнге демалыс берілмейді.
“Мәселен, қызметкер биыл шілденің 1 мен 30 аралығы еңбек демалысына шықты делік. 6 шілде – Елорда күні еңбек демалысының мерзіміне кірмейді. Сәйкесінше, демалыс мерзімі бір күнге (31 шілдеге дейін) ұзарады. Бұл жағдайда қызметкер 2021 жылдың 2 тамызынан бастап жұмысқа шығады”, – деп түсіндірді еңбек министрлігінің өкілдері.
Айта кетейік, еңбек демалысы 24 күнтізбелік күнді құрайды. Азаматтың бірінші еңбек демалысың екі аптадан аспайды. Сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектердің еңбек демалысы басқаларға қарағанда 6 күнге созылады. Тағы бір ескере кететін жайт, мүгедектерге, жұмысы ауыр қызметкерлерге және ардагерлерге қосымша ақы төленеді. Еңбек демалысы төлемақысы үш күннен аспай төленуі керек.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
