Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде доллар 9 теңгеге арзандады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы арзандап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 9,07 теңгеге төмендеп, 427,80 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 мамырдағы доллардың ресми бағамы 436,85 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 431,13 теңге, сату – 436,63 теңге.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,24 теңгеден сатып алынып, 435,00 теңгеден сатылуда.

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 05 Мамыр, 2022 17:50
Талқылау