Елімізде "блогерлер тізіміндегі" бес адам 69 миллион теңге салық төлеген
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың салығын әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова "блогерлер тізіміне" енген 5 адамның 69 миллион теңге төлегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазинформға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото:depositphotos.com
Оның сөзінше, салық төлеуге қатысты ескерту 80 мыңнан аса жеке тұлғаға, соның ішінде 594 блогерге жіберілген.
"Соның ішінде 5 адам қосымша 900 миллион теңгенің салық декларациясын тапсырып, 69 миллион теңге төледі", – дейді Дина Құсайынова.
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық блогерлерге салық бойынша хабарламалар жібергені туралы хабарлаған едік. Оларға жалпы құны 53 миллиард теңгені төлеуге бір ай уақыт берілгенін мәлімдеді. Осыдан соң желіде салықтан жалтарған блогерлердің тізімі пайда болды.
Көп ұзамай мемлекеттік кірістер комитеті қателік жібергендерін мойындап, блогерлердің салығы қайта есептелетінін мәлімдеген.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан